4 «А» СЫНЫП · ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ

Қазақ халқының салт-дәстүрлері және оның маңызы

Ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, қайта жаңғырту және жас ұрпаққа насихаттау.

Автор: Раян, 4 «А» сынып оқушысы

Зерттеу жұмысы туралы

Жобаның мақсаты, міндеттері және негізгі сұрағы

Зерттеу мақсаты

Ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, қайта жаңғырту және жас ұрпаққа насихаттау жолдарын ұсыну.

Зерттеу міндеттері

  • Салт-дәстүрлердің тарихы мен түрлерін зерделеу;
  • тәрбиелік, адамгершілік және рухани құндылықтарын анықтау;
  • сақталу деңгейін сауалнама, сұхбат арқылы зерттеу;
  • ұлттық болмысты насихаттауда ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу сұрағы

Қазіргі қоғамда қандай салт-дәстүрлер өз мәнін жоғалтып барады және оларды қалай жаңғыртуға болады?

Зерттеу болжамы (гипотеза)

Ұлттық салт-дәстүрлер мектептің тәрбие жұмыстарына жүйелі түрде енгізілсе, онда жаһандану жағдайында оқушылардың ұлттық сана-сезімдері, рухани құндылықтары берік қалыптасады.

Зерттеу жаңалығы

Ұмытылу алдында тұрған қазақ халқының салт-дәстүрлерін жай ғана тарихи дерек ретінде қарастырмай, ұрпақтың ұлттық болмысын оятатын басты тәрбиелік фактор деп мектептің тәрбие жұмысына енгізудің тәжірибелік жолдары ұсынылады.

Теориялық деректер

Зерттеудегі ізденісім

Зерттеу әдістері

Жобаны орындау барысында тақырыпқа байланысты дереккөздерден теориялық талдау, салыстыру, оқушылар арасында сауалнама жүргізу, мәліметтерді жинақтау және қорытындылау әдістері қолданылды.

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин

Ұлы педагог салт-дәстүрлерді педагогикалық құрал ретінде қарастырып, олардың бала тәрбиесіндегі, имандылық пен еңбекқорлық қалыптастырудағы рөлін ғылыми негіздеді.

Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов

Ұлы ғалым қазақтың наным-сенімдерін, салт санасын алғаш рет еуропалық ғылыми деңгейде зерттеді.

Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан

Байтұрсынов пен Бөкейхан

XX ғасырда қазақ әдеп-ғұрып заңдарын зерттей отырып, дәстүрдің қоғамды реттеуші күшін көрсетіп, «дәстүрді жоғалту — ұлтты жоғалтумен тең» деген тұжырым жасады.

Әлкей Марғұлан

Әлкей Марғұлан

Әдебиеттанушы қазақтың ежелгі мәдениетін, тұрмыс-салтын, дәстүрлі өнерін зерттеп, әрбір жоралғының артында үлкен экономикалық және әлеуметтік ілім жатқанын дәлелдеді.

Лев Толстой

Лев Толстой

Орыс жазушысы халықтың рухын оның салтынан, әдетінен және тұрмысынан тануға болатынын айтқан.

«Халықтың рухын оның салтынан, әдетінен және тұрмысынан тануға болады».— Лев Толстой

Мұражай мен кітапханадағы зерттеу

М.Тынышбаев атындағы мұражайға барып, салт-дәстүр жайлы кітаптар оқып, жәдігерлермен таныстым.

ФотоФотоФотоФотоФотоФотоФотоФотоФотоФотоФотоФотоФотоФото

Қазыналы қарттармен сұхбат

«Қазыналы қарттарымызды көненің асылдары» деп танып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлынан сұхбат алдым.

ФотоФотоФотоФото

Тәжірибе алаңы

«Білемін, білгім келеді» сауалнамасы

Оқушылар арасында қазақтың салт-дәстүрлерін қаншалықты білетінін анықтау мақсатында «Білемін, білгім келеді» сауалнамасын жүргіздім.

БілемінБілгім келеді
ФотоФотоФотоФотоФотоФото

«Мен — тілшімін» тақырыбында мектебімнің ұжымы, оқушылар және көше халықтарының қатысуымен сұхбат жүргізіп, сұрақтарға жауап алып көрдім.

ФотоФотоФотоФотоФотоФото

Сыныптармен өткізілген тәжірибелік жұмыстар

4-сынып оқушыларымен өткізілген іс-шаралар

«Сұрақ меннен, жауап сеннен»

Мектебіміздегі 4-сынып оқушыларымен салт-дәстүрлерге байланысты сабақтан тыс өткізілген викториналық ой-тапсырмалар кезеңі.

ФотоФотоФотоФотоФотоФото

«Сүйінші», «Бәсіре», «Ат қою»

Салт-дәстүрлердің өзіндік маңыздылығын насихаттау кезеңі.

ФотоФотоФотоФото

«Ерулік» және «Тұсаукесер»

Алажіп, тоқішек, көк шөппен кесу рәсімдерінен сахналық көріністер.

ФотоФотоФотоФото

Қорытынды

Зерттеу нәтижесі

Зерттеу жұмысын орындау барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері халық өмірінде жалғасатын рухани мұра ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралы екеніне көз жеткіздім. Әрбір дәстүрдің өзіндік тәрбиелік мәні бар: ол балаға қамқорлық жасауды, үлкенді құрметтеуді, татулық пен бірлікті сақтауды, қуанышты бөлісуді және қор жинай білуді үйретеді.

Сондықтан, менің ойымша, ұлттық дәстүрлерді тек кітаптан оқып қана қоймай, тәрбиелік мәнін түсініп, күнделікті өмірде қолдану қажет.

Менің зерттеу жұмысымның басты құндылығы — қазақтың салт-дәстүрлерінің маңыздылығын жас ұрпаққа дәріптей отырып, қайта жаңғыртуға үлес қосу.

Ұсыныстар

Зерттеу нәтижесінде жасалған ұсыныстар

  1. Мектепте ұлттық салт-дәстүрлерге арналған арнайы тәрбие сағаттарын жүйелі түрде өткізу.
  2. «Салт-дәстүр — ұлттық қазына» атты ай сайын мектепшілік іс-шаралар ұйымдастыру, дәйексөздердің маңызын білу.
  3. Әр сыныпта ұлттық дәстүрлер туралы ақпараттық бұрыш жасау.
  4. Ата-әжелермен әр ай сайын кездесу өткізу.
  5. Қазақтың салт-дәстүрлері туралы қысқа бейнероликтер мен презентациялар дайындап, әлеуметтік желілер арқылы насихаттау.
Фото